Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Сізден караокедегілер жақсы ән айтады": Жұлдыз Өмірғали тағы да сынға ұшырады

Аталмыш өнер көрсетуге көңілі толмағандар да Жұлдызды сынап үлгерді. Олар Айқынның жарының мүлде даусы жоқ деп есептейді.

"Сізден караокедегілер жақсы ән айтады": Жұлдыз Өмірғали тағы да сынға ұшырады
фото: ашық дереккөз

"КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали бүгінде әзілкеш Аманғали Сыпабековпен жұп болып, "Егіз лебіз" жобасына қатысып жатыр. Әншінің жанкүйерлері оған барынша қолдау білдіріп, жеңіс тілеуде. Алайда, әртістің өнер көрсетуіне көңілі толмаған желі қолданушылары оның даусы жоқ екенін айтып, сынап тастаған, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Музыкалық жобаның кезекті бөлімінде Жұлдыз Өмірғали мен Аманғали Сыпабеков "Senorita" әнін шырқады. Жұлдыздың шығармашылығын сүйіп тыңдайтын адал жанкүйерлері Instagram желісінде оның даусы мен ерекше образдарына тәнті екендерін жарыса жазуда. Олар сүйікті әншілеріне жобада топ жарып, жеңіске жетуін тіледі.

Алайда, аталмыш өнер көрсетуге көңілі толмағандар да Жұлдызды сынап үлгерді. Олар Айқынның жарының мүлде даусы жоқ деп есептейді.

"Сізбен салыстыратын болсақ, караокедегі адамдар анағұрлым жақсы ән айтады", "Даусыңыз да жоқ, не үшін жобаға қатысып жатырсыз?", "Шынымен даусы жоқ екен. Өте әлсіз өнер көрсету болды" деп пікір білдірді олар.

Еске сала кетсек, осы жобада Жұлдыз Өмірғали қазылар алқасының мүшесі Толқын Забированың тарапынан да қатаң сынға ұшыраған болатын. Оның әнді қасындағы Аманғалидан да төмен орындағанын айтқанына намыстанып, сахна сыртында көз жасына ерік берген еді.