Прямая трансляция

Астана

Астана

14.25°C

"Грэмми сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді" - Юрий Лоза

"Әлдекімнің ағылшын әнін айтқаны немесе қайталап орындап шыққаны қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды емес", - деп санайды ресейлік музыкант.

"Грэмми сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді" - Юрий Лоза
фото: NewTimes.kz

Еске сала кетсек, Иманбек Зейкенов ең беделді музыкалық сыйлықты жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Алайда ресейлік музыкант Юрий Лоза "Петербургский дневник" басылымана берген сұхбатында Грэммиге ие болу жас ди-джейдің танымалдылығына кепілдік бермейді деді, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл әлемдегі басты музыкалық рәсім деп кім айтты? Менің ойымша, бұл рәсім - бірінші кезекте америкалықтар үшін. Америкалықтар әрқашан өз заңдарымен өмір сүрді, олардың өздерінің музыкалық симпатиялары мен қалаулары бар", - деді ол.

Оның пікірінше, Грэмми - музыкалық симпатияға әсер етпейтін, мысалы, латын әлемі үшін белгілі бір елге арналған сыйлық. Бұл шығыс халқының музыкаға қандай көзқараспен қарайтынымен санаспайды. Біздің өз мәдениетіміз бен өз еліміз бар. Америкада не деп ән айтады, қандай проблемалар мен музыкалық тенденциялар бар, бұл бізді алаңдатпауы керек.

"Айтыңызшы, ABBA швед мәдениетіне қандай пайда әкелді? Ешқандай. Өйткені олар британдық музыка үшін жұмыс істеді және ағылшын тілінде ән айтты", - деді ресейлік музыкант.

Айтуынша, Иманбек үшін де бұл ешқандай абырой емес. Әр ел өз музыкасы мен өз елінің форматына сай өнер іздеуі керек.

"Сондықтан бұл ди-джей Қазақстанға өзін көрсетуден басқа ештеңе әкелген жоқ. Біреу маған Америкада танымал боламын десе, мен оларға: "Сіз Америка мәдениеті үшін жұмыс істейсіз" дер едім. Әлдекімнің ағылшын әнін айтқаны немесе қайталап орындап шыққаны қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды емес", - деп санайды Юрий Лоза.

«Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке  ерекше тілек айтты «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке ерекше тілек айтты «Сот құтты болсын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фаризаға құрбылары сыйлық жасады «Сот құтты болсын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фаризаға құрбылары сыйлық жасады