Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Жап-жақсы жүр еді ғой...": әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі қайтыс болды

"Иманды болсын! Сабыр берсін, досым" деп жазды Қайрат Нұртас.

"Жап-жақсы жүр еді ғой...": әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі қайтыс болды
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Бұл туралы Нұрболат Абдуллиннің өнердегі әріптесі Қайрат Нұртас өзінің Instagram-дағы Stories бөлімінде хабарлады. Ол марқұмның фотосын жариялап, досына көңіл айтты, деп жазды paryz.kz.

"Иманды болсын! Сабыр берсін, досым" деп жазды Қайрат Нұртас.

Оның оқырмандары да бірден Нұрболат Абдуллиннің қайғысына ортақтасып, оны барынша жұбатуға тырысты.

"Қарты бар үйдің қазынасы бар деген, бір қазынаңды жоғалттың ба, сұлу әнші жігіт? Әкеңнің алдынан жарылқасын! Иманы жолдасы болсын!", "Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!", "Иманды болсын, алдынан жарылқасын! Жап-жақсы жүр еді ғой, не болған екен?" деп жазысты көпшілік.