Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Жалбырап тұрған сияқты көрінетін": Әуелбекова Оразада қай әдетін қойғанын айтты

"Шыны керек, зорға шыдадым..." - дейді ол.

"Жалбырап тұрған сияқты көрінетін": Әуелбекова Оразада қай әдетін қойғанын айтты
фото: ашық дереккөз

Соңғы кезде әнші Мөлдір Әуелбековаға оқырмандары жиі сұрақ қойып жүрген көрінеді. Ол Instagram-дағы парақшасында соның біреуіне жауап берді, деп хабарлады paryz.kz.

"Қас жұласыз ба?" - соңғы кезде жиі қойылатын сұрақ. Иә, шамамен 15 жылдай жұлдым. Әртүрлі форма болды. Былтырғы жылдың Оразасынан бастап қас жұлуды тоқтаттым. Ештеңе жақпадым, тек сабыр етіп, өскенін күттім. Әбден жұлып үйренгенім соншалық, көзіме қисық өсіп, жалбырап тұрған сияқты болып көрінетін... Жарты жылдан кейін кішкене әрленіп, қалпына келе бастады. Шыны керек, зорға шыдадым... Сөйтіп, сабыр түбі - қоңыр қас болдым" - дейді әнші.

Ал желі қолданушылары оған "Табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейді", "Менде қас жұлмаймын", "Енді менде солай өсіремін" дегендей пікірлер жазып қалдыруда.