Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов әнші Төреғали Төреәліні көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Айта кетейік, наурыз айында Төреғали Төреәлінің Астана мен Алматы және Шымкент пен Тараз қаласында жоспарланған концерті өтпей қалған еді.
“Әлемде ешкім ауырмасыншы. Төреш хабарласып, бір жарым сағат сөйлестік. Сағынғаннан екеуміздің ішіміз толып қалыпты. Түркияда емделіп жатыр екен. Алла шипасын берсін! Жақсы болып қалыпты. Елге аман-есен жетіп ал”, – деп жазды арт-директор.
Әншінің денсаулығына байланысты концерті кейінге шегерілгенін әкесі де растаған еді.
“Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар",– деп жазды продюсер әке.