Әнші Димаш Құдайберген Алматыда өтетін «D and Dears» кездесуі туралы тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын!», - деп жазды өнерпаз Instagram парақшасында.
Ол дәл осы кеш үшін ұжымыммен жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатқанын атап өтті.
«Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», - деді әнші.