"Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол!" деп жазды Сәкен Майғазиев.
Белгілі әнші Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Серікова қайтыс болды. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.
"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анамызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол!" деп жазды әнші.