Қазақстанның танымал әншісі Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды paryz.kz.
"Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады - деген рас. Биыл жазда үлкен “жыл тойын” жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай дүниеге келем деп тапсырыс берген соң, барлық планды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса", - деп жазды әнші.