Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«7 жыл заңсыз тұрдық»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің неке куәлігін көрсетті

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен қиылған заңды некесі туралы айтты.

«7 жыл заңсыз тұрдық»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің неке куәлігін көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі 27 жыл бұрынғы құжатты көрсетті.

 «Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз» дегенде: «Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік» деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол тегін ауыстыруға қатысты да сұраққа жауап берді.

«Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, «Еңбек сіңірген әртіс» атағын алып қойғанмын», – деді эстрада жұлдызы.