Танымал әнші Айгүл Иманбаева достық жайлы сырымен бөлісіп, өзінің достарынан көрген сатқындығын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Достық деген мен үшін аялап, қызғыштай қорып, қорғайтын дүнием. Достарымның басына іс түскенде үйімді, көлігімді сатып жіберіп, көмектескен кездерім де болған. Басында қандай жағдай болса да қасында болып, қанаттандырып, көмектесуге тырысып жүремін.
Бірақ соңғы кездері досқа мүлде басқа көзқараспен қарай бастадым. Оған белгілі бір ситуациялар әкеледі. Мен сындым, құладым, бүк түсіп жаттым. Достан сатқындықты көрдім. Маған оны бүгінгі күнге дейін айту өте ауыр. Өйткені мен ол досымды әлі күнге дейін жақсы көремін. Жеке өміріме қатысты досымнан сатқындық көрдім. Күнделікті өмірдегі тыныс-тіршілікте материяға қатысты досымнан сатқындық көрдім. Оның барлығын басымнан өткеріп, қайтадан бас көтеріп шығу маған оңай болмады.
Егер сен ол досыңды шынымен жақсы көрсең, қимасаң, жүрегіңде әлі де бір қимастық болса, бір-ақ нәрсе қалады — қабылдау. Болды. Сол досыңды сол күйінде, сол сатқындығымен қабылдайсың», – дейді Иманбаева.