Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек, деп хабарлайды paryz.kz.

Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің болашақ келіні желіде өзін таныстырып, оқырмандарымен сырласты.

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деді Әдия Мәулен. 

Еске салайық, Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіргісі келетінін жасырмаған еді.

"Алла жазса, ұлым әке болуға дайын сияқты. "Әумин" деген баршамызға иманды, саналы, білімді, қазақ халқына пайдасы тиетін өнертапқыштардан болған, іскер, салиқалы ұрпақтар нәсіп ете гөр", – деп жазған еді өнер иесі.