Шакенти лақап атымен танымал белгілі актер Шәріп Серіктің анасы ұлына араша түсті, деп хабарлайды paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Актердің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы Instagram-дағы желісінде ұлының кінәсіз екендігін жазды. Оның айтуынша Әлия Бутаева Шәріп Серікке әдейі қастандық жасаған.
“Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспаны іске асырды. Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай кірді? Ол сол күні арам пиғылын іска асырып лифтідегі видеожазбаны ол үйде тұрмаса да заңсыз қолына алды”- дейді Шәріп Серіктің анасы.
Егер актердің анасының жазбасына сүйенсек оқиғаның барлығы Бутаева жариялаған күннен екі ай бұрын болған.
“Бетіне шапалақ тисе неліктен сол күні 8 ақпан күні полиция шақырмады, экпертиза жасатпады, арызданбады. Неге 2 ай өткеннен кейін яғни 4 сәуір күні полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Нелітен полиция бөліміне қасындағылар “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?”- дейді анасы.
Оның айтуынша Бутаева екі жыл бойы оның ұлын пайдаланып соның ақысына өмір сүріп келген.
“Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, подписчик жинап алды. Ел-жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Бәріде ұмытылады. Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. Біреуге ор қазба, өзің сол орға түсерсің деген”, — дейді Гүлнар Мұратқызы.