Бірнеше күн бұрын Әлия Ботеева есімді бойжеткен танымал актер Шәріп Серіктен таяқ жегенін жазған болатын. Осыдан кейін актердің басына қара бұлт үйірілді, деп хабарлайды paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Актердің бұрынғы жұбайы Say Mo одан көрген қорлығын жайып салды.
«Қазір менде ешқандай да дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денемнің көгерген суреттерін өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты "тізерлеп" келетін. Күйеуінен абьюзивті қарым-қатынас көрмеген адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. Неге шыдадың?, - деп сұрайсыздар ма? Білмеймін. Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарым-қатынас жасау керегін білмеймін. Өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өстім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем», – деді ол.