Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Сезім сөнді»: Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен шетел асып кетті

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Сезім сөнді»: Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен шетел асып кетті

Әншінің жұбайы балаларымен бірге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен фотолар жариялады. Актрисаның жариялаған фотоларында күйеуі Қайрат Нұртастың жоқ екенін байқауға болады.

«Абонент байланыс аясынан тыс жерде, оның сезімі уақытша сөндірулі», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса желі қолданушылары тарапынан қайда кеткені жөнінде қойылған сауалға да жауап беріп өтті.

«Ой шіли, қатты алысқа емес, мына тұрған жерге ғой. Аман-есен жетіп алған соң бөлісемін», — деп жазды әншінің жұбайы.