Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бірнеше жыл бұрын ажырасқаннан кейін ауыр халде болғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ақын 2016 жылы бұрынғы күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін қаржылық жағынан үлкен қиындыққа тап болғанын қозғады.
«2016 жылы Меккеге ауыр халде келгенмін. Ажырасу, үлкен қарыз, тығырыққа тіреліп, ауыр депрессияда жүрдім. Дәл осы жерде домалап жылап жатып, «Аллаһым, берушілерден қылшы, мені қуантшы, саған түк емес қой мені қуанту» деп жылағанмын... бірақ дұғам қабыл болады деген сенім 0 болды.
Бәрі бітті, енді осылай сорлап қаламын деп қана ойладым. Есіме түссе, кеудем қысылып кетеді... Алладан көп нәрсе сұрадым ғой. Бизнес бастайын десем көк тиын жоқ, тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ, айтыста қара тізімге кіргізіп тастады, тойларға, қыз ұзатуға 200-300 мың теңгеге шығып жүрдім.
Оның өзінде ажырасқансың деп тойға да көп шақырмайтын. Қолымнан түк келмейді, не істеймін деп тығырыққа тірелдім де қалдым», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.