Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Өзімнің әйел екенімді ұмытып кеттім»: Белгілі әншінің алты жас үлкен жары ішіндегісін ақтарды

Танымал әнші Ринат Шамшырақтың өзінен 6 жас үлкен жары Аружан Төре оқырмандарына ішіндегісін айтып, сырын бөлісті, деп жазады paryz.kz.

«Өзімнің әйел екенімді ұмытып кеттім»: Белгілі әншінің алты жас үлкен жары ішіндегісін ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Ол осы уақытқа дейін өмірдегі басты рөлін ескерусіз қалдырғанын мойындады.

«Мен осы уақытқа дейін жақындарыма, күйеуіме де мама болып келіппін. Соларда болса екен деп барымды беріп, оларды әлсіз етіп, өзімді соңғы орынға қойған екенмін! Енді балам да күйеуім де емес, өзім бірінші орындамын. Өзімнің әйел екенімді ұмытып, еркектің рөлінде жүрген екенмін. Сондықтан қыздар өздеріңіз жүгіріп кете бермей, проблемаларды еркектің мойнына салып, әйел екенімізді ұмытпай, еркелеп жүрейік», - дейді Аружан Төре.