Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" туралы шықпаған қаулыға наразы

"Президент мырза, қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда?" - деп ашынды әнші.

Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" туралы шықпаған қаулыға наразы
фото: ашық дереккөз

Әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында елімізде жыныс ауыстыру мәселесі жөнінде тараған ақпаратқа қатысты өз ойын айтты, деп жазды paryz.kz.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді! Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды! Президент мырза, қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда? Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны. Қаншама мұқтаж отбасы бар. Қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Димаш аударған қаржы сол мұқтаждарға бөлінсін. Мына сұмдықты тоқтату керек. Дамыған 50, 30 елдің қатарына кіру үшін сөз бостандығы, ой бостандығы, "интернеттің жылдамдығы", "жолдың сапасы" сияқты адамның құқығы деген де бар-мыс. Енді сол адам құқығының ішіне осы жыныс ауыстыру деген де кіреді екен! Егер осының барлығы орындалмаса, 50, 30 елдің қатарына кіре алмай қалады екенбіз. Бүйткен дамыған елінің... Бәрібір жыныс ауыстыруға рұқсат бар екен", - деп ашынды әнші.

Алайда Денсаулық сақтау министрі әнші айтып отырған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген мәлімет шындыққа жанаспайды.