Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова «Қайрат Нұртас туған күнін неге балаларымен тойламайды?» деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді, – деп жазды Paryz.kz.
36 жасқа толған күні ата-анасының үйіне келген әншіні желі қолданушылары сынға алған.
«Әйелі, бала-шаға қайда, анасының ақылы таңғалдырды», – деп жазды оқырмандардың бірі.
Продюсер бұл пікірді жауапсыз қалдырмады.
«Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар екен. Дұрыс, азамат алдымен анасына тағзым етеді, өмір бергеніңіз үшін деп, содан соң бала-шағасы, отбасымен тойлай береді. Түнде 12-ден аса бере маған келді, енді Алла бұйыртса, отбасына ұшты, сізге нақты жауап қажет болып бара жатса. Алладан соң анасын жоғары қойса оған еш ренжімеңіз, керісінше, отбасыңызға үлгі болсын. Ата-ананың разылығы, дұғасы болмаса, жер басып жүрудің өзі күнә шығар. Оған қарсымын дегендер, баласы мен анасын бір-біріне қарсы қойғандар сайтанның азғыруындағы күсәпірлер дер едім. Қолыңыздан келсе, біздің өміріміз бен әлемімізге араласпай, өз қалауыңызша өз өміріңізді сүргеніңіз абзал. Әр отбасының өз тәртібі, тәрбиесі бар, менің отбасым сізге ұнаса да, ұнамаса да сіздің қалауыңызбен өмір сүрмейді», – деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.