Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Айгүл Иманбаева күйеуімен сүйіскенін елге көрсетіп, сынға қалды

Әнші Айгүл Иманбаева өзінің тұрмыс құрғанына 1 жыл толғанын айтып желідегі парақшасына видео жүктеді, деп хабарлайды Paryz.kz

Айгүл Иманбаева күйеуімен сүйіскенін елге көрсетіп, сынға қалды
фото: видеодан скриншот

«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры — бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты» деген осы шығар. Әрбір Әйел бақытты болуға лайықты!!!», — деп жазды әнші.

Алайда өнер иесінің азаматының ерінінен сүйгені көпке жақпай қалды.

«Ерсі емес па мынау? Ойлайтын шығар күшті көрініс деп. Байдан байға шығып не үлгі мынау?», «Қартайғанда дәл осы көріністің не керегі бар?», «Фууу, былш етіп аузынан сүймесе болмай ма», — деді желі қолданушылары.

Сондай-ақ Иманбаеваға бақыт тілеп, жылы лебіздерін жолдап жатқан оқырмандары да аз емес.