Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Үш ұйықтасам түсіме кірмеген»: Танымал тележүргізуші сүйіктісін көрсетті

Танымал тележүргізуші Диана Скатова тұрмысқа шығатынын айтты. Ол жеке өміріндегі жаңалықтарды әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады Paryz.kz.

«Үш ұйықтасам түсіме кірмеген»: Танымал тележүргізуші сүйіктісін көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

«Аллаға шүкір тәтті шайымыз ойдағыдай өтті! Сүйіктімнен кезекті гүлдер. Жаңа жас – жаңа статус», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Тележүргізушінің таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан Диана жүргізген танымал Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі болған.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, екі жасқа ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

«Мынау енді күтпеген жағдай болды, үш ұйықтасам түсіме кірмеген, шок болып отырмын, бақытты болыңыздаршы», «Қуанып шок болдық қой. Әдемі жұп», «Бақытты болыңыздар», «Мәссаған, таңғалдырды, бақытты болыңыздар», «Шын жүректен қуаныштымын», «Қандай әдемі жұп, өте қуаныштымын», — деп жазған желі оқырмандары. Өз кезегінде Сұлтан мұндай қолдауды күтпегендерін айтып, көпшілікке алғысын жеткізді. «Ізгі-ниет, құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет!» — деп жазды ол желідегі парақшасында.