Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«Өмірлік сабақ болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова бәрі біткенін айтты

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына сүйінші жаңалығын жеткізді. Ол пәтеріне қатысты іс аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Өмірлік сабақ болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова бәрі біткенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Жақсы жаңалық. Ең алдымен алғыстан бастағым келеді… Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды. Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. "Не көмек" деп галочка үшін суық қана sms жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті", - деп жазды ол.

Актриса аталған істің оңды шешілуіне септігін тигізген прокуратура өкілдеріне, адвокатына алғысын жеткізді.

"Енді бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді", - дейді ол.