Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Кешірім сұрамаймын": Cейфуллин Жолбарыс дүкеншіні боқтағанына "өкінбейді" (ВИДЕО)

"Сотқа дейін барды. Видео шыққан соң, маған хабарласып, дүкеншімен сөйлескен. Оқиғаның мән-жайын анықтады, зерттеді..." - дейді ол.

"Кешірім сұрамаймын": Cейфуллин Жолбарыс дүкеншіні боқтағанына "өкінбейді" (ВИДЕО)
фото: youtube.com

Әнші Сейфуллин Жолбарыс "Опмай-опмай" бағдарламасында әлеуметтік желідегі елдің қызу талқысына түскен видеосына қатысты шындықты айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Негізі ол бір түсініспеушілік болған. Күнделікті болатын жағдайлар ғой. Соны біреулер түсіріп алып, салып жіберді. Мен белгілі азамат болған соң, соны пайдаланды. Дүкендерде күнде сатушы мен тұтунушы арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Екіншіден, барлығы маған халықтан неге кешірім сұрамайтынымды айтуда. Мен кешірім сұрамаймын. Себебі, ол - менің жеке өмірім. Мен сахнада біреуді солай қуалап жүрсем, кешірім сұрайтын едім. Біреу менің жеке өмірімді түсіріп алды да, көпшілікке көрсетті. Бірақ, сол видеоның арқасында мен бір "жаңажылдық киноға" түстім. Сол үшін ол видеома да рахметімді айтамын. Бұл жағдайдың жақсы жақтары да бар", - деді ол.

Сонымен қатар, әншінің елді шулатқан мәселесі сотқа дейін барған болып шықты.

"Сотқа дейін барды. Видео шыққан соң, маған хабарласып, дүкеншімен сөйлескен. Оқиғаның мән-жайын анықтады, зерттеді. Алайда, екі тараптан да шағым болмағандықтан, жабылды. Ол жерде ешкімнің ешкімге өкпесі жоқ. Болмайтын жерде туындаған ұрыс-керіс, түсініспеушілік", - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Еске сала кетсек, әнші Алматының бір дүкенін басына көтеріп, сатушы жігітті боқтап-балағаттап, "ит терісін басына қаптаған" болатын. Онысы хайп па, рас па, белгісіз. Әйтеуір, дүкен жұмысшыларының бірі осы бір оспадарлықты видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілердің "хитына" айналдырып жіберді. Видео әншінің салған жерден: "Давай, қазір келем, на х...! Ох ты, бл...ть!.. Ей, ты что, бл...т?!" - деп дауыс көтеруінен басталады. Одан әрі ашуға булыққан ол сатушыны "айтуға ауыз ұялатын" боғауыздарымен үсті-үстіне бастырмалатып, төбелесуге дейін барған еді. Дүкен қызметшісі де "ұрып жығамын" дегеннің "жігіттерше" нұсқасын айтқан болуы керек, Сейфуллин Жолбарыс оған: "Сен Сейфуллинді с...м деп отырсың ба?!" - деп еліре түседі. Сондай-ақ, видеоға түсіріп тұрған әйелдің "Ты кто такой вообще?" дегеніне: "Сейфуллин Жолбарыс. Білесің бе? Сейфуллин Жолбарыс! Знаешь да?" - деп дауыс көтерген.