Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.52°C

«Көзіме жас келеді, алимент алмағанмын»: Ерке Есмахан 35 мың алимент алатыны туралы сауалға жауап берді

Әнші Ерке Есмахан Instagram-да тұрақты түрде оқырмандарының сұрақтарына жауап береді. Күні кеше желі қолданушыларының бірі әншіге алиментке қатысты сауал тастаған, деп хабарлайды Paryz.kz

«Көзіме жас келеді, алимент алмағанмын»: Ерке Есмахан 35 мың алимент алатыны туралы сауалға жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беруді әдетке айналдырған. Әнші жеке өмірі туралы да сұрақтарды жауапсыз қалдырмайды.

Желі қолданушыларының бірі Instagram-да stories бөліміндегі терезеге «Алиментке 35 мың (теңге — ред. ескертпесі) алатыныңыз рас па?»- деп сауал тастаған. Әншінің айтуынша, тұңғыш баласына алимент алып көрмеген.

«Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын, алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады деп, Алла жар болсын деп, өзім жұмыс істеп өсірдім. Нағашылары бақты, қақты. Шүкір. Отау құрған соң күйеуім бірден қасымызға алды Муслимді. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тараптан ойға батсам, көзіме қуаныштың жасы келеді. Аллаға сансыз шүкір», — деп жауап берді әнші.