Блогер Мерей Абилова болашақ жарын қалай таңдағанын айтып, қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Желі жұлдызы футболшы Димаш Қашкенмен шаңырақ көтерген болатын. Олардың Мариям есімді бес айлық қызы бар.
“Архивты қарап осы видеоны тауып алдым. Алладан “бәтеңкенің бауына дейін сұра” демекші, барлығын айтыппын. Айтып қана қоймай, болашақ жарым қандай болатынын елестетуші едім. Армандар картама жабыстырып, түр-сипатына дейін фотосын жабыстырып тастаушы едім. Тіпті тойымыздың қалай өтетіні, ұсыныс қалай жасалу керегіне дейін көз алдыма елестеттім. Бәрі айна-қатесіз орындалды”, – деді блогер.
Сондай-ақ желі жұлдызы, болашақ жарының табысты болуы да маңызды екенін атап өтті.
“Біріншіден, қаржылай тәуелсіз еркін адам болуы керек. “Европаға кеттік” деп аяқ астынан шығып кете алатын жағдайы бар жігітке тұрмысқа шыққан абзал. Ата-анасы заманауи көзқараста өмір сүргені жақсы. Қазіргі заманға сай материалдық жағдайының да болғаны жақсы. Гелик айдайтын жігіттерді жақсы көремін”, – деді желі жұлдызы.