Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Күресіп көрсін, нәтиже шығарсын»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келініне қатысты ойын айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құны 170 миллион теңге тұратын үйден айырылып қалған келініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Күресіп көрсін, нәтиже шығарсын»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келініне қатысты ойын айтты
фото: видеодан скриншот

Instagram парақшасында продюсер ұлының алдағы концерттері туралы ақпарат берген. Ал, желі қолданушыларының бірі “үлкен келіні мен балалары пәтер жалдап жүргенде неге концерт жоспарлайсыздар” деп сын айтып, жазба қалдырған. Гүлзира Үсенқызы оқырман сұрағын жауапсыз қалдырмады.

“Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз?! Айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой. Бүгін болмаса ертең болар?! Алданса күресіп шыңдалады. Жас емес күресіп көрсін піссін, нәтиже шығарсын. Одан жаман болмайды. Түбі қарап қалмаймыз. Ұрпақ – менікі. Сіз былықтырып от үріп жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі”, – деп жазды медиа менеджер.