Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Imanbek ұлының музыкамен айналысқанын армандайтынын жеткізді

Жүргізушілер сұхбат барысында одан танымалдылығы артқан бойда өмірінде бұрын-соңды болмаған қандай жаңашылдықтар пайда болғанын сұрады...

Imanbek ұлының музыкамен айналысқанын армандайтынын жеткізді
фото: ашық дереккөз

"Грэмми" алған ди-джей Imanbek - Иманбек Зейкенов сұхбат беріп, қыздардың бойындағы ұнайтын қасиеттер мен болашақта баласының қандай мамандық иесі болғанын қалайтынын айтты, деп хабарлады paryz.kz, NUR.kz-ke сілтеме жасап. 

Атағы жер жарған музыкант Energy радиосына арнайы берген сұхбатында көптің көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап береді. Белгілі болғандай, Иманбек әйгілі "Грэмми" жүлдесін әлі алмаған. Ол әзірге АҚШ-та екен. Зейкеновтың сөзінше, оның теміржол саласынан түбегейлі кеткеніне шамамен бір жылдан астам уақыт болған. Ол бұрынғы жұмысын сағынбағанымен, сол салада өзімен еңбек еткен әріптестерімен кездескісі келетінін жасырмады.

"Мен теміржолды сағынбаймын. Жарқын жүзді әрі ақкөңіл әріптестерімді ғана сағындым. Бірақ жұмыстың өзін сағынған жоқпын", - деді ол. 

Жүргізушілер сұхбат барысында одан танымалдылығы артқан бойда өмірінде бұрын-соңды болмаған қандай жаңашылдықтар пайда болғанын сұрады.

"Lada Priora. Бірге жұмыс істеу жөніндегі көптеген ұсыныс пен қоңыраулар. Әзірге өзіме тек көлік қана сатып алдым" , - деді музыкант.

Сонымен қатар, Иманбек қыздардың бойында қандай қасиеттердің болғанын қалайтынын айтты.

"Сыпайы, тәрбиелі, қарапайым және ақылды болу керек" , - деді Зейкенов.

Оған қоса, жас өнерпаз болашақта ұлының музыкамен айналысқанын армандайтынын жеткізді. Алайда оған қарамастан, Иманбек баласына қысым көрсетпей, өмір жолын өзіне таңдауға мүмкіндік беретінін алға тартты.