Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Ақшасын аяған жоқ»: Салтанат Байқошқарова екі рет ана атанған Баян Мақсатқызына алғыс айтты

Танымал дәрігер Салтанат Байқошқарова бір айда екі рет ата атанған Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Ақшасын аяған жоқ»: Салтанат Байқошқарова екі рет ана атанған Баян Мақсатқызына алғыс айтты
фото: әлеуметтік желіден

Медицина маманы журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, продюсердің сәби сүю жолында қандай қиындықтарға барғанын айтты.

“Біз негізі науқастар туралы айта бермейміз. Баян Алагөзова өзі ашық адам болғасын, бәрін айтып берді. Елге үміт сыйлады. Қыздарының 40-ынан шығару рәсімінде мені төріне отырғызды. “Өзім туамын” деп келетін 50 жастағы әйелдер болды. Егер денсаулығы жақсы болып тұрса, бірінші рет ана болайын деп тұрса, аналық сезімді көрсін деп рұқсат беретін кездер болады. Алайда көп жағдайда денсаулығына байланысты суррогат ана қызметін пайдалануды ұсынамыз. Баян көп еңбек етті. Ол өзі айтты, өзі ашылды. Сондықтан біз оған алғысымызды айтамыз. Өйткені көбі бір рет барасың, болмаса, бітті деп ойлайды. Ал Баян – күрескер. Ол не айтсаң да, келісіп, жасаңыз деп ақшасын аямады. Ол өзінің табысын болашағына жұмсады", – деді дәрігер.