Тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Асхат Садырбай мен Айғаным Болатқызының арасындағы балаға қатысты дау әлі созылып жатыр.
Айғаным Болатқызы Асхат Садырбай тұңғыш ұлымен қалай араласатынын айтып берді. "Біз үйленгеннен кейін Ерке екеуінің арасында бір ерегіс болды ма, ол баланы бір жылдай көрсетпей қойыпты. Баласын көрмеу ер азаматқа ауыр тиеді. Сол үшін ол айналасындағыларға агрессиясын шашатын.
"Балаңды көр, оған бар" деп айтқаным бар. Алайда екінші болып үйленген соң өз баласы қасында бола тұра, сырттағы баланы іздегені ыңғайсыз жағдай тудырады. Бірақ менде қатты қызғаныш болмады. Ол Еркенің анасы арқылы баланы көріп келіп жүрді. Кейін балаларымызды таныстырдық", - деді Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы. Сондай-ақ Айғаным Болатқызы Асхат Садырбай Ерке Есмахан екеуінің арасындағы ұлы - Мүслімге алимент төлемейтінін айтты.