«Мәдениет пен өнер саласында мен күйіп кететін нәрсе көп. Қазір аузына келген сөзбен ән жаза беретін әншісымақтар қаптап кетті. Сапасыз әншілерден, сапасыз ән туады. Оларға ешқандай шектеу болып жатқан жоқ. Содан кейін ойына келгенді жазады. Әннің сөзі әуенмен бірге төгіліп, поэзия секілді құйылып тұруы керек. Біз композитор, ақын, әнші деген үш тағанды жоғалтып алдық. Баяғыда ән осы үш тағанның уысынан шығып, сәтті екенін дәлелдейтін. Қазір бәрі майдаланып барады», – деп ашуланды Саят Медеуов.
Сондай-ақ өнер иесі сахнада мән-мағынасы жоқ ән айтатындарға айыппұл салу керегін айтты.
«Болмайтын ән айтатын әнші көп. Бәрі демеймін. Арасында жақсы әншілер де бар. Бірақ сапасыз ән айтатындарға айыппұл салу керек. Заңмен шектеп, олардың еркін көсілуіне жол бермеуіміз керек. Ақыры бәріне айыппұл салып жатырмыз ғой. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғанға да айыппұл салып жатырмыз ғой, одан да өнерді ластап, мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салғанымыз абзал», – деді әнші.