Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз»: Соғымын көрсетіп, мақтанған Алтынай жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қыста жейтін соғымын көрсетіп, сынға қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз»: Соғымын көрсетіп, мақтанған Алтынай жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі балконға жайып сақтайтын еттерінің қайдан алатынын жасырмады.

“Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы, етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын. Шымкентте етті тек тұзбен ғана тұздайды. Сарымсақ, бұрыш дегендерді қоспайды. Мен де солай жақсы көремін”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің мақтаншақтығын сөз етіп жатыр.

“Мұны көрген Тоқаев халықтың жағдайы жақсы деп ойлайды”, “Осылар көз бен сөзден қорықпайды”, “Етіңізге көз тисе, иесінің іші өтеді”, “Жаман жегенін айтады”, “Мақтанатын басқа дым қалмады”, “Қаншама халық аш отыр?!”, “Соғым алсын бірақ қазысы тым көп емес пе?!”, – деп жазды оқырман қауым.