Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш «Мамский әңгімеге» берген сұхбатында жүктілігі қалай өткені және ұлы жайлы айтып берді, — деп хабарлайды paryz.kz.
Әнші жүктілігі жақсы өткенін, алайда 32 аптада босанғанын айтты, деп жазады Massaget.kz. «Ұлымды көтергенде 18 жаста болдым. Жүктілігім жақсы өтті. Ол кезде сабақ оқып жүрген кезім, емтихан тапсыруға барып жүрдім. Өзімді жақсы сезіндім. Бірақ 32 аптада қарқынды босану болды. Оған дейін мен УДЗ-ға түскенде бәрі жақсы болды. Бала аударылды, уайымдайтын ештеңе жоқ деді. Ешқандай жаман болжам айтылған жоқ. 3 күннен кейін толғақ сияқты ішім ауырып бастады. Содан кейін қан кетті. Жолда перзентханаға жеткенге дейін көп қан кетіп қалды. Мені жансақтау бөлмесіне алып кетті. Дәрігерлер жиналып, 100% бала тірі қалмайды, қызды құтқару керек деді. Соны жақсы естідім. Мен айғайлап, босанамын деп шу шығардым. Жанымда анам болды», — деді Ayree.
Өнер иесі баласының жағдайы жайлы айтты.
«Мен 3 сағатта босандым. Балам дүниеге келген кезде жылаған жоқ. Босануға күшім болмады, дәрігер ішімді дұрыс баспаған, баламның маңдай тұсындағы жүйкелері өліп қалған. Қазір бәрі жақсы, балам жүрмесе де, дұрыс сөйлемесе де, пысық бала, мектепте «4» пен «5»-ке оқиды. Ол бәрін түсінеді. Ол сөйлеммен емес, сөздермен сөйлейді, арнайы мектепте 4-сыныпта оқиды», — деді ол.