Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кескен. Оның фанаттары таратқан видеоның арқасында қазақ халқының тұсау кесу салтын бүкіл әлем таныған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Димаш Құдайбергеннің еуразиядағы фан-клубы тұсаукесер рәсімінің видеосын жариялап, балаға жарқын болашақ тілеген. Белгілісі, Қазақстандағы тележурналист Димаш Құдайбергенге баласының тұсауын кестіріп, ақ батасын алған.
«Тұсау кесу рәсімі - бабадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Баланың тәй-тәй баса бастаған сәтінен тағдыры ізгілікке, жетістікке, жақсылыққа толы болсын деген ниетпен жасалатын жоралғы. Ұлымыз Каримнің тұсауын дүниені дидарына қаратқан дүлдүл - Димаш көкесі кесті. Ақ көкесінің ақ батасы қабыл болсын», - деп жазған журналист.