Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Көне қазақи есім»: Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиінің атын көпшілікке жария етті

Үшінші қызын дүниеге әкелгеніне бір ай болған Айсәуле Бақытбек жақында ғана сәбиінің есімін көпшілікке жариялады. Әлеуметтік желі жұлдызы бұл жолы баланың атын жолдасының таңдағанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Көне қазақи есім»: Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиінің атын көпшілікке жария етті
фото: әлеуметтік желіден

Қараша айының соңында Айсәуле Бақытбек үшінші қызын өмірге әкелді. Жұлдызды отбасы тағы бір кішкентай ханшайыммен толықты. Айсәуле сәбиінің жынысын бірден бөліскенімен, есімін тек бір айдан кейін ғана атады.

Баян Мақсатқызының тұңғышы Instagram желісінде "Salima 1 month" жазуы бар торттың суретін жариялап, оқырмандарына баласының атын қалай таңдағандарын әңгімеледі.

"Бұрынғыдай есімді тағы да жолдасым қойды. Бұл – көне қазақи есім. Қызым дүниеге келмей тұрып, оны қалжыңдап 'Сәлимә тәте' деп атайтынбыз. Апамыз "Сәлимә" деп жаздыруды ұсынды, бірақ біз Сәлима деген нұсқаны таңдадық", – деп жазды Айсәуле Бақытбек.