Желіде әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған үй қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің келіні Аяулым Жорабаева су жаңа пәтерге рум-тур жасады.
“Қайын әпкеме ағамның арнайы алып берген пәтері. Әпкем әрең рұқсат етті. Блогер болғасын оқырмандарыма көрсетуім керек деп айттым. Ас үй бөлмесі жоқ пәтер. Тек әпкемнің киімдері мен сахналық образдары ғана тұрады. Бір бөлмесі екінші бөлмесіне ұқсамайды. Бір бөлме аяқ киімі бар. Екі бөлме киімге толып тұр. Ортадағы үлкен шкафқа тек алтындары салынғата тек алтындары тұрады. Жатын бөлме ғана бар. Бәрімізге осындай пәтер жұғысты болсын!”, – деп жазды блогер Аяулым Жорабаева.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің пәтерін қызу талқылап жатыр.
“Пәтер емес киім дүкені сияқты”, “Бәрімізге осындай үй жұғысты болсын”, “Алтынайдың өзі 180 шаршы метр деп айтқан жоқ па?!”, “Асүй болмаған біртүрлі екен”, – деп жазды көпшілік.