Өнер иесі қызына құда түскен сәтінен желіге видео жариялады. Әнші енді алдағы уақытта ұзату тойға қызу дайындықты бастайтынын айтты.
«Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз, сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол «Ұзату» болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді», – деп жазды Индира Расылхан.