Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты

Қазақстан эстрадасының жұлдызды жұбы Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың су жаңа бейнебаяны елдің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты
фото: әлеуметтік желіден

“Жаңа бейнебаян Youtube-қа шықты. Үйлену тойымыздың видеосы. Кім лүпіл басып, жақсы пікір жазады соған 2025 жылы жақсылық келеді”, – деп жазды Айқын.

Бұл жолы желі қолданушыларының назарына әншінің үлкен ұлы түсті. Көпшілік оны көңіл күйінің жоқ екенін айтуда.

“Үлкен ұлының жылығасы келіп тұр”, “Балалар анасын тастап, басқа әйелге кеткен әкесіне реніші бар сияқты”, “Бірінші әйелін де клипке түсіріп, көп ұзамай ажырасып кеткен” деп жазды көпшілік. Бірақ шоу-бизнес оқырман қауымның жазғандарына шынайы жауап берді. “Балам Жұлдызды екінші анасы ретінде баяғыдан қабылдап қойған. “Тойға барамын” деп өзі сұранды. Сол жерде қалжыңдасып, кассаны жинап отырды. Білмесеңіз, бекер жазбаңыз”, – деп жауап берді Айқын.