Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қазақстанға түкіргенім бар» деген ресейлік әншінің Алматыда концерті өтпек

Ресейлік әнші Ольга Серябкина 29 қараша Алматы қаласында жеке концертін өткізбек, деп Paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанға түкіргенім бар» деген ресейлік әншінің Алматыда концерті өтпек
фото: әлеуметтік желіден

Желі оқырмандары оның Қазақстан туралы айтқан жағымсыз сөзін тапты.

«Мама люба» хитінің авторы, «Серебро» тобының бұрынғы әншісі Ольга Серябкина тікелей эфирде «Қазақстанға түкіргенім бар, маған басқасы керек» деген әнші. Видеодан көргеніміздей Ольга Серябкинаның «Казахстан…? Плевать на Каз…» дегенін естуге болады.

Бұл әншінің 2017 жылы айтқан сөзі еді. 29 қараша күні әнші Алматыдағы клубтардың бірінде өзінің концертін өткізбек.