Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатеринамен де ажырасып кеткенін растады, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің ресми Instagram парақшасында жазды.
«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз», — деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Әнші Instagram парақшасының дәл осы жарияланымына пікір жазу құқығын шектеп қойды.