Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естідім»: Алтынай Жорабаева туыстарына үндеу жасады

«Құрмет» орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жақындарына арнап, ой саларлық жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естідім»: Алтынай Жорабаева туыстарына үндеу жасады
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі артынан сөз айтатын адамдарға реніші барын жасырмады.

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, «Сен кереметсің, жаным, күнім» деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. «Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз» деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері «Ғайбат айтпаңыздар» деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын», – деп ашуланды әнші. 

Сондай-ақ әнші сыртынан ғайбаттайтын оқиғалардың жиі кездесетінін де жасырмады.

«Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», – деді өнер иесі.