Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қазақтарда ұят болады деп еркектер әйелінің бетінен де сүймейді»: Фариза Ескермес шулы мәлімдеме жасады

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан әнші, актриса Фариза Ескермес журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, елдің қызу талқысына түсті, деп жазады Paryz.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақтарда ұят болады деп еркектер әйелінің бетінен де сүймейді»: Фариза Ескермес шулы мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

«Менің күйеуім бар. Оның әке-шешесі әлі күнге дейін күнде вальс билейді. Күнде бір-біріне «Я тебя люблю» деп айтады. Аналардың махаббаттары сұмдық. Андрей жалғыз бала болғандықтан, ол барлығына махаббат көзімен қарайды. Кішкентай бала сияқты. Сондай таза адам, мен таң қалдым. Бұл әке-шешесінің берген тәрбиесі, әке-шешесінің бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бізде қазақтарда «ұят болады, бала көріп қояды» деп тіпті құшақтаспайды. Еркектер әйелінің бетінен сүймейді. Ол бала сосын «ұят боладымен» жүреді», - деді Фариза Ескермес.