Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Аша Матай жолдасымен арақатынасы туралы шындықты енді айтты (ВИДЕО)

Өздері бәрін құпия сақтауға тырысқанымен, олардың өнердегі әріптестері үндемей тұра алмады...

Аша Матай жолдасымен арақатынасы туралы шындықты енді айтты (ВИДЕО)

Әнші, тележүргізуші Аша Матай жолдасы Арман Қоңырбаевпен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Бұған дейін ел арасында жұлдызды жұптың ажырасып кеткені жайлы қауесеттер көптеп тараған болатын, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Аша Матай жеке өміріне қатысты көптің көкейінде жүрген сұраққа "Ревю" бағдарламасында жауап берді.

"Бізде бәрі жақсы, шүкір. Халық айта береді ғой. Біреулерді ажырастырып жатады, біреулерді тоғыстырып жатады. Жақында Төреғалиға қатысты шу болған еді. Сондықтан адамдардың айтқанына көп назар аудара берудің қажеті жоқ. Сол адамдардың өздері ғана айтса, толығымен үңіліп қарауға болады. Бұның барлығы - қауесет. Біз ренжіскен жоқпыз", - деді тележүргізуші.

Еске сала кетсек, өткен жылы Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың ажырасып кеткені жайлы қауесет тараған болатын. Ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты бұл ақпараттардың рас-өтірігін ұзақ уақыт бойы нақты айтпады. Өздері бәрін құпия сақтауға тырысқанымен, олардың өнердегі әріптестері үндемей тұра алмады. Арман мен Ашаның отбасымен жақсы араласатын әнші Салтанат Бақаева олардың арақатынастарында не болып жатқанын білетінін алға тартып, ажырасуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.