Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Қорқатын болдық»: Заттыбек Көпбосынұлы Мөлдір Әуелбековамен амандаспады

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде Заттыбек Көпбосынұлымен түскен видеосын жариялап, елді күлдірді. Бейнежазбада өнер иесінің әріптесі онымен қалай амандасатынын білмей қалған.

«Қорқатын болдық»: Заттыбек Көпбосынұлы Мөлдір Әуелбековамен амандаспады
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде Заттыбек Көпбосынұлымен түскен видеосын жариялап, елді күлдірді.

Бейнежазбада өнер иесінің әріптесі онымен қалай амандасатынын білмей қалған. Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеода Заттыбек Көпбосынұлы оған қолын тигізбей, алыстан амандасқанын көруге болады.

Өнер иесі бұл жайтқа таңғалғанын жасырмады. Сөзінше, Заттыбек Көпбосынұлы бұған дейін жариялағанған видеоны көріп, оның астындағы халықтың пікірінен қорқып қалған.

«Өткендегі Сәкеннен кейін қорқатын болдық қой?!» дейді, Заттыбек ағам. Пікір оқыған ғой, сонша қорқытқандарыңыз не?! «Ассалаумалейкум» дей салу күшті емес пе? Әлде, еркек пен әйел сүйіскен дұрысырақ па? Қол ұстасып, құшақтаған ба? Қалай өзі? Мәселені шешіп алайық», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Заттыбек Көпбосынұлының амандасқанын қызу талқылап, оның ақкөңілділігіне тәнті болған.

«Заттыбек ағамыз ақкөңіл ғой. Қорқып амандасып тұрғаны күлкілі екен», «Заттыбек аға, қатырды. Күлкім келген-ай», «Тоқтамай күлдім. Аға сескеніп тұр ғой кәдімгідей», – деп жазуда оқырмандар.