Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жылап, үйде жатырмын": Ерке Есмахан 8 наурызды сүйіктісімен қарсы ала алмапты

"Ол әрі қарай ресторанда романтикалық ужин дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп, тағы бір жылап алдым..."

"Жылап, үйде жатырмын": Ерке Есмахан 8 наурызды сүйіктісімен қарсы ала алмапты
фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында 8 наурыз мерекесін қалай өткізгенін айтты. Белгілі болғандай, ол халықаралық әйелдер күнінде үйінде жылап жатқан, деп хабарлады paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ерке Есмахан атаулы мейрамды ойдағыдай тойлата алмаған. Қатты сырқаттанып қалып, сүйіктісі екеуінің бұл күнге белгіленген барлық жоспарының күл-талқаны шығыпты. Алайда ғашығы оны құттықтаудың амалын тапқан.

"Бүгінгі мейрамды сонша күтіп едім, тойлау бұйырмаған екен. Ауырып, жылап, үйде жатырмын. Сүйіктім гүлі мен сыйлығын сыйлады. Оны алып алдым. Басымды көтере алмай жатсам да, ондай кезде тұрып кетесің ғой. Ол әрі қарай ресторанда романтикалық ужин дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп, тағы бір жылап алдым. Сүйтіп осы суретке түсіп, тамақ заказ беріп, тойлап жатырмыз. Кештеу система аламын. Сіздерде қалай өтуде? Ханымдар, мерекелеріңізбен! Ауырмаңыздар! Көктемнің күніндей шуақты болыңыздар, сүйікті болыңыздар! Отбасыларыңыз аман, төңірек түгел болсын! Молшылық болсын! Үйлеріңізден береке кетпесін! Балаларының бақытына әр ана бақытты болсын", - деді әнші.