Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдығуына не себеп болғанын айтты

"Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдығуына не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдығуына не себеп болғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы актер тележурналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді. Сондай-ақ ол азаматтарға денсаулықты күтіп, дәрігерге жиі тексеріліп тұруға кеңес берді.

– Жылына бір рет чекаптан өтіп тұру керек. Бүгінде түрлісі шығып жатыр, мен соған кеңес берер едім. Егер ақшаңыз болса бірден чекап жасатып алыңыздар. Ертең не ішемін, қалай күн көремін деп ойланудың қажеті жоқ. Ары кетсе 1000 доллар жұмсайсыз. Сонда қандай да бір сырқатыңыз дер кезінде анықталады. Бұл тек қатерлі ісікке қатысты емес. Мысалы, терапиялық ем қолданып, енді басталып келе жатқан сырқаттың алдын алуыңыз мүмкін. Мен чекаптан өтпедім. Сол баяғы қазақшылыққа салынып, “Еш жерім ауырмайды, маған не үшін қажет” дедім. Кейін денсаулығыма салғырт қарағаным үшін, қатты өкіндім, – деді актер. 

Осы ретте ол өзінің ауыр дертке шалдығуына зиянды сусындар себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. 

– 6 жылдан бері ашығу режимін ұстап келемін. Спортпен шұғылданамын. Алайда, салмағымда еш өзгеріс болмады. Мұны әйелім байқап, дабыл қақты. Егер асқазанда ешқандай мәселе болмаса жиі ашығып тұрған дұрыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Оған қоса мен алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар менің тәбетімді тежейді деп ойладым. Өйткені қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да, салмақ қоспадым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі – салмақ жинай алмай қалу екен. Бірақ сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін, – деді актер.