Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Роза Рымбаева өзін алдаған адамнан 91 млн теңге өндіріп алды

Қазақ эстрадасындағы атақты әнші Роза Рымбаева 135 млн теңге шамасындағы үйін сатамын деп алаяқтың құрығына түсіп қалған. Өзін алдаған адамды сотқа берген әнші жеңіп шығып, одан 91 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Роза Рымбаева өзін алдаған адамнан 91 млн теңге өндіріп алды
фото: әлеуметтік желіден

Сот хабарламасына сәйкес, 2017 жылғы қыркүйекте Роза Рымбаева Алматының элиталы ауданында орналасқан көлемі 225 шаршы метр болатын үйін Серік Бекқайыров деген адамға сатады, бірақ қолма-қол ақшаға емес, қарызға берген.

Екі жақ келісімшартқа отырып, Бекқайыров Рымбаеваға қарызын аз-аздан қайтарып, 3 жыл ішінде толық беретін болып уәделеседі. Өз үйін алаяққа сатып тұрғанын білмеген әнші кейін сан соққан.

«С.Беккайров Р.К.Рымбаеваны 400 000 АҚШ долларын қарызға алу жөнінде формальды келісім-шарт жасасуға сендіріп, пәтердің құжаттарын алып кеткен. Сөйтіп, С.Беккайров жәбірленуші Р.К.Рымбаеваның пәтерін бірнеше рет алаяқтық жолмен жымқырып, үшінші тұлғаларға сатып жіберіп, түскен қаражатты өз қажеттілігіне жаратқан», - делінген соттың хабарламасында. Әуел баста сотталушы Рымбаеваға қарызын өтеп тұрған, жалпы алғанда, 205 000 доллар төлеп үлгерген. 

«Қалған ақша соммасын ол уақытында бере алмаған, себебі 2020 жылы «COVID-19» пандемиясы басталып кеткен. Осының салдарынан оның асыл тұқымды жылқыларды және автокөліктерді сату жөніндегі бизнесі тоқтап қалған. Бұл жөнінде ол жәбірленушінің өзіне түсіндірген. Бұған қоса, сол уақытта оған ұйымдасқан топттың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу абақтысына жабылған. Аталған мән-жайларға байланысты, оның біраз қаражаты жан-жақта, сыртта қалып қойған. Р.К.Рымбаеваны алдауға қандай да бір қылмыстық ниеті болмаған. Ол пәтерді сату үшін «Аян» есімді тұлғаға сенімхат жазып берген. Пәтердің одан кейінгі тағдыры оған белгісіз», - делінеді соттың мәліметінде. 

Осылайша сотталушы Бекқайыров жәбірленуші Рымбаеваға жалпы 177 916 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген. Розы Рымбаева осыдан кейін сотқа арыз жазады. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты Серік Бекқайыровты ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сай 6 жыл 8 айға сотталды.

 Сонымен қатар, Бекқайыровқа тағы бірнеше эпизод бойынша айып тағылды. Енді ол Роза Рымбаеваға 91 181 950 теңге беретін болды және мемелекет пайдасына баж ретінде 6 894 245 теңге төлейді.