Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Жігітіңіз бар ма?»: Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Қазақстандық танымал тележүргізші Ләйлә Сұлтанқызы желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді,  – деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жігітіңіз бар ма?»: Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
фото: видеодан скриншот

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен түрлі тақырыпта сөйлесті.

Желі қолданушыларының бірі тележүргізушіге жеке өміріне қатысты сұрақ қойған.

 "Жігітіңіз бар ма?", – деп жазды оқырман. Бұл сұрақ Ләйлә Сұлтанқызын қатты таңғалдырды. "Масқара. Не сұрақ", – деп жауап берді БАҚ өкілі.

Сонымен қатар тележүргізуші қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді. "Өзіміздікі өндірістікі болған дұрыс па деймін", – деді журналист.