Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Көмек сұрады»: Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы өзіне хабарласқанын айтты

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Көмек сұрады»: Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы өзіне хабарласқанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі марқұм жігітпен алғаш әрі соңғы рет хабарласқанын айтты.

“Өте қаралы хабар естіп отырмын. Жақын досым Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай қайтыс болыпты. Иманды болсын! Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. “Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді” дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді”, – деді продюсер. 

Одан кейін журналист әріптестеріне қарата үндеу жасап, танымал адамның жеке өмірін талқыламауды өтінді.

“Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөзін журналистер қолдап, соны тыңдап отырыпты. Жалпы, танымал адамдардың жеке өміріне қатысты әңгіме қозғауды тоқтатыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!”, – деді Баян Мақсатқызы

«Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты