Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Толғағы жоқ әкеңді толғандырып»: Мейрамбек Бесбаев жаңа туған сәбиіне жан тебірентерлік жазба арнады

“Музарт” тобының солисі, әнші Мейрамбек Бесбаев үшінші рет әке атанып, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Толғағы жоқ әкеңді толғандырып»: Мейрамбек Бесбаев жаңа туған сәбиіне жан тебірентерлік жазба арнады
фото: әлеуметтік желіден

Эстрада әншісі екі қыз, бір ұлдың әкесі атанды. “Күн сәулесі төгіліп келбетіңе, Құрсағында анаңның тербетіле, Толғағы жоқ әкеңді толғандырып, Қызым менің,қош келдің жер бетіне!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен өнер өкілінің әріптестері жаппай құттықтап жатыр.

“Қандай керемет жаңалық! Сүйкімдіге жүкті кезімде Мархабат: “Маған да жұғысты болсын” деп тілек айтып еді. Қатты қуанып отырмыз”, – деп жазды айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. 

Одан кейін ақын Серікзат Дүйсенғазин де көптің тілегі қабыл болғанын айтты.

“Мәкебай досым, осыдан он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, қалың елдің ақ батасын алып едің. Халықтың тілегі қабыл болып кішкентай сәби дүниеге келген екен. Жаратушы Алла ұлық қой. Балапанның бауы берік болсын! Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Мархабат екеуіңе шөбереден шөпшек сүю нәсіп болсын!”, – деді ақын.