Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева денсаулығы сыр бергенін айтты, - деп хабарлады paryz.kz.
Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады.
“Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр”, – деді айтыскер ақын әлеуметтік желіде.