Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Жаратқанға алғысым шексіз»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

Жақында тұрмысқа шыққан актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жаратқанға алғысым шексіз»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

 "Ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және “Көптің тілеуі көл” деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің.

Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын Жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. “Қуанғанға құт қонады” дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!" – деп жазды Айгүл Иманбаева.

«Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты